Қолдану жөніндегі нұсқаулық

ПРЕЗЕРВАТИВТЕР

1. Қаптаманы БҮЙІРІНЕН АШЫҢЫЗ, содан кейін презерватив салынған блистерді шығарып алыңыз.

2. Блистерді абайлап ашыңыз. Өткір заттарды немесе тістеріңізді пайдаланбаңыз.

3. Қолданар алдында қаптаманың зақымдалмағанына және жарамдылық мерзімінің өтпегеніне көз жеткізіңіз.

4. Презервативті жыныстық қатынас басталғанға дейін эрекциядағы жыныс мүшесіне киіңіз. Ұшындағы резервуарды қысып, ішіндегі ауаны шығарыңыз, содан кейін презервативті түбіне дейін толық жайыңыз.

5. Қолданғаннан кейін презервативті шешіп, аузын түйіп, қоса берілген қоқыс қалташасына салыңыз. Қалташаны мықтап жауып, қоқыс жәшігіне тастаңыз. Дәретханаға тастамаңыз.

Ұсыныстар

  • Презерватив жыртылса немесе сырғып кетсе, оны бірден жаңасына ауыстырыңыз.
  • Ұзаққа созылған жыныстық қатынас кезінде презервативті әр 15–20 минут сайын ауыстыру ұсынылады.
  • Жыныстық қатынас түрін өзгерткенде жаңа презерватив пайдаланыңыз.
  • Құрғақ жерде, +5°C пен +25°C температура аралығында, тікелей күн сәулесі мен жылу көздерінен алыс сақтаңыз.
  • Презервативтерді әмиянда немесе температурасы жоғары жерлерде сақтамаңыз.

 

ЛУБРИКАНТТАР

1. Дозатордағы қорғаныш бекіткішін алыңыз.

2. Помпаны басып, қажетті мөлшердегі лубрикантты интимдік аймаққа немесе презервативтің сыртқы бетіне жағыңыз.

3. Лубрикантты жеңіл қимылмен біркелкі таратыңыз. Қажет болса, жайлы сырғу үшін қосымша жағыңыз.

4. Қолданғаннан кейін сумен жуыңыз.

5. Қорғаныш бекіткішін орнына салып, сырт еткенше жабыңыз. Құтыны құрғақ әрі салқын жерде сақтаңыз.

 

Ұсыныстар

  • Интимдік қолдануға, соның ішінде ауыз арқылы жасалатын интимдік қатынасқа жарамды.
  • Латекстен, полиуретаннан және полиизопреннен жасалған презервативтермен үйлесімді.
  • Қажет болған жағдайда жайлы сырғуды сақтау үшін қайтадан жағыңыз.
  • Тітіркену пайда болса, қолдануды тоқтатыңыз.
  • Құрамдас бөліктеріне жеке төзбеушілік болған жағдайда қолданбаңыз.
  • +5°C пен +25°C температура аралығында, тікелей күн сәулесі мен жылу көздерінен алыс сақтаңыз.
  • Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.