Қолдануға қарсы көрсетілімдер

ПРЕЗЕРВАТИВТЕР

Қолдануға қарсы көрсетілімдер

  • Табиғи латекске немесе майлағыш құрамдастарына жеке төзбеушілік.
  • Қаптамасы бүлінген немесе жарамдылық мерзімі өткен жағдайда қолданбаңыз.
  • Қайта пайдаланбаңыз.
  • Тітіркену, күйдіру сезімі, ауырсыну немесе аллергиялық реакция пайда болса, қолдануды тоқтатып, дәрігерге жүгініңіз.

ЛУБРИКАНТ

Қолдануға қарсы көрсетілімдер

  • Өнім құрамдастарына жеке төзбеушілік.
  • Ашық жаралар, айқын тітіркену немесе шырышты қабықтың қабыну аурулары кезінде дәрігердің кеңесінсіз қолданбаңыз.
  • Тітіркену, күйдіру сезімі, ауырсыну немесе аллергиялық реакция пайда болса, қолдануды тоқтатыңыз.
  • Көзге тигізбеңіз. Көзге тиген жағдайда сумен мұқият шайыңыз.
  • Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбаңыз.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Презервативтер

  • Контрацепцияның ешбір әдісі жүктіліктен және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан (ЖЖБИ) 100% қорғанысқа кепілдік бермейді.
  • Бір уақытта тек бір презервативті пайдаланыңыз.
  • Әрбір презерватив тек бір рет қолдануға арналған.

Лубрикант

  • Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
  • Тек мақсатына сай қолданыңыз.
  • Латекстен, полиуретаннан және полиизопреннен жасалған презервативтермен үйлесімді.